#ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше қала мен өңірде карантин режимі жарияланып, кейбіреулерінде шектеу шаралары күшейді.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

Осы орайда Informburo.kz карантин шараларын сақтауға байланысты көпшілік көкейіндегі маңызды 20 сұрақтың жауабын әзірледі.

№1. Карантиннің басты шаралары қандай?

  • карантин аймағын белгілеу, оған кіру және одан шығу пункттерін анықтау;
  • адамдардың қозғалысын, көліктердің кіріп-шығуын шектеу;
  • инфекцияны жұқтырғандар, күдіктілер мен карантиндегілер санаты бойынша арнайы емду мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • адамдардың қозғалысы мен қалаға автокөліктердің кіріп-шығуы шектеу;
  • қоғамдық көліктердің қозғалысы күндізгі уақытта тоқтайды немесе шектеу;
  • азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтату.

Оқи отырыңыз: Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жабық. Карантин кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?


№2. Инфекция анықталған тұрғын үйге карантин енгізіле ме?

Қала, квартал, тіпті, үй бойынша да карантин жариялануы мүмкін. Кейбір жағдайда жатақханаға, ауруханаға карантин енгізіледі. Себебі, аурухана ішінде коронавирус инфекциясы табылса және оны көп адам жұқтырса, вирус сыртқа таралмауы үшін оларды сол жерде оқшаулап, емдеу қажет.

№3. Карантин деген коменданттық сағат па?

Жоқ. Карантин мен комендаттық сағатты шатастырмау керек. Карантин адамдардың қауіпсіздігі үшін енгізілетін сақтық шарасы. Аса қажет болмаса, азаматтар қоғамдық орындарға барудан бас тарту және коронавирус инфекциясынан сақтану нұсқаулығына сай әрекет етуге тиіс.

№4. Карантин режимі күшейтілуі мүмкін бе?

Иә. Әкімдік пен бас санитар дәрігердің шешімімен коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында карантин шаралары күшейтіледі. Азаматтарға, ұйымдарға жаңа міндеттер жүктеліп, қосымша шектеулер енігізілді. Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда 19 наурызда жарияланған карантин режимі 22 наурызда күшейтілді. Қала маңайында блок бекеттері қойылып, көлікпен кіріп-шығуға тыйым салынды.


Оқи отырыңыз: Карантин талабы күшейді. Тұрғындарға тағы қандай шектеулер қойылды?


№5. Карантин талабын бұзғандар жазалана ма?

Иә. Уақытша шектеулерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады. Әкімішілік құқық бұзушылық кодекстің 476-бабына сәйкес, 10 АЕК, яғни 26 510 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Әділет министі Марат Бекетаев сөзінде карантин бұзғандарға айыппұл бюджетті толықтыру мақсатында салынбайтынын, бюджетті толықтыруға салықтар жеткілікті екенін атап өтті.

№6. Карантин кезінде үйден сыртқа шығуға бола ма?

Иә. Тұрғындарға жұмысқа, жақын маңайдан азық-түлік тауарлары мен дәрі сатып алу үшін ғана шығуға рұқсат берілген. Мұндай орындарға тек маскамен кіргізеді. Егер үйден алыс базарға барамын деушілер өзі мен айналасының қауіпсіздігі үшін маска тағып, қолғап киіп шығуі тиіс.

№7. Кімдер жұмысқа бара алады?

Нұр-Сұлтан және Алматыда 30 наурыз бен 5 сәуірде орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.


Оқи отырыңыз: 42 500 теңге. Төтенше жағдай кезіндегі бұл әлеуметтік төлем кімге және қалай беріледі?


№8. Жұмыстан анықтама алу міндеттеле ме?

Иә. Жұмыс істейтін ұйымның мөрі және басшысының қолы қойылған жұмыс орнынан берілетін анықтама болуы тиіс. Құжат жалған болмауы керек. Жалған құжат көрсеткендер жауапқа тартылады. Егер қолыңызда анықтама болмаса, жалған құжат әзірлеуге не заңсыз жолмен алуға тырыспаңыз.

№9. Анықтама болмаса, не істеу керек?

Егер қолыңызда ешқандай құжат болмаса, бірақ жұмысқа баруыңыз керек болса, сізді тоқтатқан құқық қорғау органдарына жағдайды түсіндіріңіз. Олар карантинде бәрін жазалау не тұтқындау мақсатын көздемейді. Олардың міндеті – карантин режимін сақтауды қадағалау.

Үйден шығу керек болса, ерте қамданыңыз. Полицияға қайда бара жатқаныңызды байыппен түсіндіріңіз. Қала ішінде қозғалуыңызды растайтын құжатыңыз өзіңізбен бірге болса, полиция жұмысын жеңілдетесіз.

№10. Көшеде полиция тоқтатқанда не істеу керек?

Ең бастысы – тыныштық сақтау, сөзге келіп қалмау, жанжал шығармау. Қандай себеппен бара жатқаныңызды байыппен түсіндіру керек. Егер жұмысқа бара жатсаңыз кадр қызметі не жұмыс берушінің телефон номерін беріңіз. Полиция сіз туралы ақпаратты тексеруге құқылы. Досыңызға хабарласып, алдаудың да қажеті жоқ. Кадр қызметінің телефонын беріңіз.


Оқи отырыңыз: Иммунитеті мықтыға коронавирус қауіп емес. Оны қалай нығайтамыз?


№11. Полиция хаттама толтырса, не болады?

Полиция хаттама толтырса, одан қасірет жасаудың, байбаламға салудың қажеті жоқ. Карантин бұзу ісі қашықтан болса да, міндетті түрде сотта қаралады. Полициядан әкімшілік іс қай сотта қаралатынын сұрап алу керек. Азамат сотқа өз аргументін, дәлелін ұсына алады. Соңында сот барлық жағдайды ескере отырып шешім қабылдайды.

№12. Жұмыс беруші зейнеткерлерді жұмысқа шығуға мәжбүрлей ала ма?

Қазақстанда 55 жастан асқан адамның жұмысқа шықпауына кеңес берілген. Қажет болмаса көшеге шықпауы қажет. Алайда жұмысын жалғастырып жатқан мекемелер бар және 55-тен асқан адамдар күзетші болып жұмыс істеуі мүмкін. Жұмысқа шығуға мәжбүрлесе полицияға хабарласуға болады. Әрі қарай мәселе құқықтық жолмен шешіледі.

№13. Балалар сыртқа жалғыз шыға ала ма?

Нұр-Сұлтан мен Алматыда кәмелеттік жасқа толмағандардың ересектерсіз сыртта жүруіне тыйым салынды. Мұндай жағдайда олардың ата-анасы немесе қамқоршылары Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады. Балалар үйде отыруы керек.


Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді?


№14. Үй жануарымен сыртқа шығуға бола ма?

Иә. Үй жануарын тұрғылықты жері маңында ғана серуендеуге алып шығуға рұқсат етіледі. Егер азаматтар басқа себептермен далаға шықса, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, Алматыда үй жануарларын 500 метрден аспайтын радиуста серуендете алады.

"Бұл жағдайда біз азаматтардың санасына жүгінеміз. Итіммен сыртқа шығып, кез келген жерге бара аламын деуге болмайды" – деді Әділет министрі Марат Бекетаев.

№15. Адамдар қала ішінде көлігімен емін-еркін қатынай ала ма?

Жүргізушілердің карантиндік шектеулерді сақтауын патрульдер мен "Сергек" камералары қадағалайды. Мысалы, Алматы көшесіндегі трафикті бақылау үшін 26 бекет қойылды. Тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан көліктердің барлығын тоқтатып, анықтама қағазын тексереді. Жұмыстан берілген анықтамасы жоқ тұрғындарға ескерту жасалып, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Тәртіп бұзғандардың темір тұлпары айып тұрағына жіберіледі.

№16. Саябаққа таза ауамен тыныстау үшін шығуға бола ма?

Жоқ. Саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және тағы басқа халық көп жиналатын орындар жабылды. Қалалық саябақтар мен алаңдар күзетіледі.


Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика


№17. Ештеңе сатып алмаса, дүкенге, дәріханаға барғанын қалай дәлелдей алады?

Расында, мұндай жағдай болуы мүмкін. Егер ештеңе сатып алмаған адам дүкен не дәріханаға шыққанын бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы дәлелдей алады. Полиция тоқтатқанда қолында чек не азық-түлік дорбасы болмаса, соттан көше мен дүкендегі камераға жүгінуін сұрайды. Мұны әрі қарай сотта растай алады.

№18. Той жасауға, қонаққа баруға бола ма?

Жоқ. Қазақстанда төтенше жағдай енгізіліп, 13 наурыздан бастап ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда көшеде және басқа да қоғамдық орында отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан артық топтасып жиналуға болмайды. Азаматтарға туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне баруға жол берілмейді.

№19. Той өткізгендер жазалана ма?

Иә. Той ұйымдастырушы пен тойға қатысушыларға әкімішілік құқық бұзушылық кодекстің 476-бабына сәйкес 26 510 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Ұйымдастыруышы мен қатысушы да карантинді бұзғаны үшін бірдей жауапкершілікке тартылады.


Оқи отырыңыз: Коронавируспен күреске қатысатын дәрігерлерге айына 850 мың теңгеге дейін үстемеақы беріледі


№20. Үй маңайында спортпен айналысуға бола ма?

Жоқ. Жүгіруге, спортпен айналысу үшін сыртқа шығуға болмайды. Өзіңізге ғана емес, айналаңызға қауіп төндіруіңіз мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі спортпен үй ішінде айналысуға кеңес береді.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Источник: “https://informburo.kz/kaz/ydeotyryyz-karantin-talaptaryna-atysty-20-mayzdy-sraa-zhauap.html”