Қазақстанның”Ақ жол” Демократиялық партиясының Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жанжал салдарынан болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының атынан мынаны мәлімдейміз:

Об этом сообщает Роспрес

1)Жамбыл облысының Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының атынан алдымен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілейміз.

2)Сондай-ақ біз осынау қантөгіске себеп болған арандатушылардың әрекеттерін айыптаймыз.

3)Біз қоғамда этникаралық келісімді сақтай отырып, барлық ұлт өкілдерін сабырлық пен өзара құрметке шақырамыз.

4) Осы жағдайға байланысты үкіметтік комиссия құрылды. Аталған оқиғаның мән-жайын, оның неден басталғанын, полиция өкілдеріне шабуыл жасаған кінәлілерді және аймақтағы бірқатар ауылдарда адам құрбандары болуы, ғимараттардың өртелуі мен тоналуының ақ-қарасын осы комиссияның анықтауын сұраймыз. Осы оқиғаларды бастаушыларды заң алдында қатаң жауапкершілікке тарту тиіс.

5) Мемлекеттік комиссия қайғылы жағдайдың салдарын жою барысында кезекті шаралармен шектелмеуі керек. Бұл жанжал жергілікті билік органдары мен тұрғындар арасында өзара түсіністіктің жоқтығын, құқық қорғау органдардың беделі түскенін көрсетті. Оның артында әлеуметтік проблемалардың жатқаны айқын!
Жергілікті мемлекеттік органдар халыққа жақындау үшін, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу
үшін бірқатар шаралар қабылдау қажет.

6) Біз мемлекеттік комиссияның жұмысы мен оның шешімдері халыққа түсінікті және ақпараты ашық болуын талап етеміз

7) Тағы да барлық азаматтарды қоғамдық келісімді қорғауға, Республика заңдары мен Конституциясын қолдануға шақырамыз.

Құрметпен, Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясы

8 ақпан 2020 жыл, 14:30


Источник: “https://akzhol.kz/қантөгісті-бастаушылар-заң-алдында-қ/”